Сағынтаевтың бағасы 1 миллионнан асатын спорттық костюмі желіде талқыға салынды

0
1498

Желіде Алматы қаласының Бақытжан Сағынтаевтың қымбат тұратын киімі талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімі қала аудандарының инфрақұрылымдық жағдайын тексеру барысы әлеуметтік желіде талқыға салынды. Нақтырақ айтқанда, қала басшысының жұмыс сапары емес оның үстіндегі бағасы 1 млн теңгені құрайтын элиталық брендке ұқсас спорттық костюм көзге түсті.

Бақытжан Сағынтаевтың қала аудандарын аралау сапарының видеосы әкімнің Instagram парақшасында жарияланды.

«Сағынтаевтың үстіндегі киім италяндық Brunello Cucinelli брендіне тиесілі спорттық костюмге өте ұқсас. Аталған спорттық костюм сайтта жеңілдікпен 1 098 288 теңгеге сатылса, ал негізгі бағасы 2 745 721 теңгені құрайды. Қала әкімі бұған дейін де брендке ұқсас киімдермен көзге түскен болатын. Атап айтқанда, Сағынтаев осыған дейін Bogner неміс брендіне ұқсас күрте киген (куртка) суреті жарияланды.

Оның бағасы 93 900 рубль, ал теңгеге шаққанда 521 185 теңге тұрады. Былай қарағанда Алматы әкімінің мұндай бағалы киімдер алуға қауқары жетеді. 2019 жылы Бақытжан Сағынтаев 950 мыңға жуық жалақы алатынын мәлімдеген болатын. Әлеуметтік төлемдер мен салықты шегергенде әкім қолға шамамен 750-760 мың теңге жалақы алады. Сондықтан да қала әкімінің ақша жинап бренд киімдер алу мүмкіндігі бар», – деп хабарлайды Информбюро. 

Сол сияқты 31 арнаның сюжетінде қала әкімдігі күртенің бағасына қатысты түсініктеме беруден бас тартқаны айтылады.

Сондай-ақ, әкімнің қымбат спорттық костюмі туралы:

«Алматы әкімі Сағынтаевтың ресми жалақысы қанша? Қанша болса да миллиондаған теңгеге бір жемпір алатындай емесі анық. Яғни, жемқорлық фактісін іздеп, дәлелдеп әуре болмай, қираған көшелерді аралап жүрген әкімнің киіміне зер салсақ болғаны», – деп жазды Facebook желісінің қолданушысы Inga Imanbay. 

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету