Сағынтаев WorldSkills Kazakhstan чемпионатын тамашалады

0
05 Желтоқсан 2018, 14:08 355 0

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингімен бірлесе ұйымдастырған WorldSkills Kazakhstan IV чемпионатын тамашалады.

Бұл шара 3 желтоқсан күні бастау алды. Шараға Премьер-министрмен бірге ҚР Парламент Сенаты және Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпорындардың өкілдері, жұмыс беруші компаниялар қатысты. Астанада өтіп жатқан WorldSkills Kazakhstan IV чемпионатына еліміздің барлық өңірлерінен келген 30 мамандық бойынша 350-ге жуық үміткер кәсіби тұрғыда өз бақтарын сынап жатыр. Байқау қатысушылары – колледж және ЖОО студенттері.

WorldSkills – жұмысшы кәсібінің мәртебесін арттырып қана қоймай, кәсібилікті насихаттауды мақсат ететін коммерциялық емес қозғалыс. WorldSkills Kazakhstan жастар арасында үлкен беделге ие. Бүгінде техникалық және кәсіби білім беру сапасын арттыру министрліктің алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі.

Төрт күнге созылған Чемпионат «Кірпіш қалау», «Бояу және әрлеу жұмыстары», «Кондитерлік шеберлік», «Электроника», «Қонақ үй әкімшісі», «СББ станоктарындағы жонушы», «Веб-дизайн», «Графикалық дизайн», «Дизель қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету», «Желілік және жүйелік әкімші», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларының слесарь-жөндеушісі», «Мехатроника», «Электромонтаж жұмыстары», «Визуал мерчандайзинг және витринистика», «Жеңіл көліктерді жөндеу және қызмет көрсету», «Сантехника мен жылу беру», «Мейрамхана қызметі», «CAD инженерлік графикасы», «Көлік сыртын жөндеу», «Мобильді робототехника», «Шаштараз», «Сән технологиясы», «Бидай мен бидай өнімдері сапасын анықтау», «Дәнекерлеуші», «Тақта қаптау», «Құрғақ құрылыс және сылақ», «Аспаз», «Наубай», «Салқындатқыш және желдеткіш құралдары», «Бизнестің ІТ шешімдері» біліктіліктері бойынша өтіп жатыр.

Айта кетсек, былтыр қазақстандық жас шеберлер WorldSkills-2017 байқауына қатысу үшін Абу-Дабиге барған еді. Биыл күзде Қазақстан құрамасы Будапештте өткен EuroSkills 2018 чемпионатында 10-орын алды.

Фотолар. Нұржас Жақсыбай


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ