Сағынтаев тұрғындарды мазалаған мәселенің қалай шешілетінін айтты

Қысқа сілтеме алу
«Алматы» 2-ші газ тарату станциясының қуаты қаладан тыс жерге шығарылады
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада газ иісінің қалай жойылатынын айтты. Ол бірқатар жерді аралап, жергілікті тұрғындармен сөйлесті.
Сағынтаев тұрғындардың «Алматы» 2-ші газ тарату станциясынан шығатын газ иісіне шағымданатынын айтты. «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы сыйымдылықтарды одорантпен (газға арнайы иіс беру үшін қосылатын зат – Sputnik) толтыру кезінде төгілетін газды тазалауға арналған қосымша сүзгілер орнатқан.
«ГТС-2 қуатын Алматы қаласынан тыс жерге шығару» жобасы аясында «ҚазТрансГаз» АҚ-мен «Қайрат» стансасында жалғастырушы газ құбырын салу мәселесі пысықталуда. Осылайша ГТС-2 газ тарату пунктіне ауыстырылады. Бұл ретте одоризация жүйесі қаладан тыс жерге шығарылады», — деп жазды қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.
Сондай-ақ, Сағынтаев Баум бағын абаттандыру қажет екенін атап өтті. Бірегей саябақ аймағының экологиялық балансын бұзбайтын табиғи материалдарды пайдалануды ескеруді тапсырды.
Тағы оқыңыз: Тасмағамбетов пен Сағынтаев Алматыда кездесті
Әкім Үлкен Алматы каналына су жіберу мәселесін де қозғады. Ол жерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, әкім тұрғындардың өтініші бойынша «Дорожник» ықшамауданындағы Есентай өзенінің бойында саябақ аймағын құру мүмкіндігін қарастыруға уәде берді.
sputniknews.kz