Сағынтаев Самұрық-Қазына компанияларына энергия үнемдеуді «үйретуді» тапсырды

0
19 Қараша 2018, 12:31 206 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде кезекті үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

«Еліміздің энергияны көп қажет етуін азайтуды Елбасы бірнеше рет атап өтті. Бұл ретте Инвестиялар және даму министрілігі өңірдің әрбіріне шаққандағы энергия тұтынуды азайтудың алгоритмін әзірлеуі керек. Жалпы, өнеркәсіп салаларының энергияны көп қажет етуін азайтуы жөнінде бізде тек ортақ деректер ғана бар. Баяндамадағы тізімді қарайтын болсақ, жалпы тұтынушылардың 61% заңды тұлғалар болса, 37% квазимемлекеттік сектор. Өте үлкен көлем. 5 198 субъектіні алған кезде заңды тұлғалар ғана. Сол себепті, «Самұрық-Қазына» қарамағындағы компаниялардың энергия тұтынуын реттеу жөніндегі жұмыстарды дұрыс жолға қою керек», — деді Сағынтаев.

Үкімет басшысы бүгінгі күні энергия тұтыну көлемі төмендегенін немесе артқанын қадағалау мүмкін болмауына байланысты министр Жеңіс Қасымбекке нақты алгоритмдер әзірлеуді тапсырды.

«Өңірлер, әкімдер, инвесторлармен және энергияны көп жұмсайтын кәсіпорындармен жұмысты жандандыруы қажет. Оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру және энергияны үнемдеуді насихаттау жұмыстарына көңіл бөлу қажет», — деді Премьер-министр.

Сағынтаев энергия үнемдеу бөлімдері Павлодар мен Қостанай облысының әкімдіктерінде ғана бар екенін ескертіп, осы бағыттағы жұмысты реттеуді тапсырды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ