Сағынтаев пен Батталов Алматы іргесіндегі блок-бекеттерді тексерді — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Алматы облысының әкімі Амандық Батталов қала шекарасындағыҚапшағай, Талғар бағыттары мен Құлжы тас жолындағы блок-бекеттірдің дайындығын тексерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

карантин

«Барлығы 27 бекет орнатылды, онда полиция қызметкерлері, қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, фито және ветеринарлық бақылау мамандары қызмет атқарады», — деп жазды Алматы әкімі Instagram парақшасында.

Сағынтаевтың сөзінші, қызметті орындауға қажетті барлық мүмкіндіктер бар. Кезекшілік бірнеше ауысымда ұйымдастырылған.

«Алматы облысындағы әріптестер республикалық маңызы бар барлық жолдарда және елді мекендерден шығатын жолдарда қала шекарасынан бес шақырым радиуста қосымша полиция бекеттерін қойды. Бұл облыс тұрғындарын қала жабылатыны туралы ескерту үшін жасалған», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, ол коронавирустық инфекцияның шегі жоқ екенін атап өтті.

«Бірақ пандемияны болдырмаудың жалғыз жолы — таралу тізбегін бұзу. Қала және көршілес облыстар тұрғындарының назарын тыныштықты сақтау және белгіленген ережелерді сақтау қажеттілігіне аударамын. Барлығымызға сабырлылық пен шыдамдылық қажет. Біз осы апатты бірге жеңеміз», — деді Сағынтаев.

stan.kz