Сағынтаев облыс әкімдеріне: Еңбек өнімділігінің өспеуіне өзбектер кінәлі ме?




Фото: ашық дереккөзден
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев өңірлерде еңбек өнімділігін арттыра алмаған облыс әкімдерін сынға алды.
Бүгін Үкімет отырысында облыс әкімдері Премьер-министрге өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі бойынша есеп берді. Алайда әкімдердің есебі Бақытжан Сағынтаевтың көңілінен шықпай қалды.
«(Еңбек өнімділігі бойынша – автор) келесі баяндайтын азаматтар, (еңбек өнімділігінің неге өспеу – автор) себебін дұрыс айтыңыздар. «Бір облыс «әдістеме өзгерді, сол кінәлі» дейді. Бір облыс «өзбек ағайындар кінәлі» дейді. Жұмыстарыңыздың (мәні – автор) неде? Жұмысшылар сырттан жылда келеді. Сонда жыл сайын «өзбек ағайындар кінәлі» деп отырамыз ба?», — деді Үкімет басшысы.
Осы орайда Сағынтаев әкімдерге жұмысқа жауапкершілікпен қарауды талап етті.
«Жалпы баяндамаға, жиналысқа дайындалған кезде оның мазмұнын білу керек. Жақсылап дайындалу керек. (Жасалған баяндамалардың бәрі – автор) атүсті жасалған. Қағаз жазылып беріледі, соны ғана оқып бересіздер», — деп түйіндеді сөзін премьер-министр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ