Сағынтаев мырза, сіз қашан екпе салдырасыз?
Алматы әкімі №5 Қалалық клиникалық аурухана мен № 5, 15, 17, 29 емханалардағы вакцина егіліп жатқа бөлмелерді тексеріп, жұмыстың ұйымдастыру барысымен танысты.
View this post on Instagram
— Біз вакциналау пункттерін 70 емханада, 31 сауда орталығында, оған қоса ірі мәдени, білім беру және спорт мекемелерінде орналастырамыз. Барлығы кем дегенде 250 пункт ашамыз. Олардың жұмысын 2250 маман-дәрігерлер, мейірбикелер, тіркеушілер қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, біз 1200 еріктілерді жұмыспен қамтимыз. Сондай-ақ, мобильді ұялы байланыс станциялары жұмыс істейтін болады, – деді әкім Instagram парақшасында.
Оның айтуынша, дәрі-дәрмекті салқын жерде ұстау мен мұздатқыштармен жабдықтауға ерекше назар аударылатын болады.
«КФК «Медсервис Плюс» ЖШС-ің бизнесті дамыту жөніндегі директоры Саида Ерденбекова вакциналар екі контейнерде жеткізілетінін айтты. Бұл тәуекелдерді басқару мен қауіпсіздік үшін аса маңызды, себебі термоқораптар техникалық ақаулар болған жағдайда температураны сақтауға мүмкіндік береді.
Әзірге Сағынтаев коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны өзіне салдыра ма, жоқ па бізге белгісіз. Бұл әкімнің Instagram парақшасындағы маңызды, әрі көп қойылған сұрақ болып отыр.
Бізге белгілісі — 3 сәуірде 9 975 алматылық Covid-19-ға қарсы вакцина алды. Сәуірдің 2-сі мен 3-і аралығында, яғни екі күнде – 16 985 қала тұрғыны екпе алып үлгерді.