Home Жаңалықтар Сағынтаев: Көкөніс бағасы негізсіз шарықтап барады

Сағынтаев: Көкөніс бағасы негізсіз шарықтап барады

0
89

Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев азық-түлік тауарларының бағасын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Отырыста Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендету шаралары бойынша есеп берді. Оның айтуынша, 10 өңірде қант бағасы, 11 облыста қырыққабаттың бағасы өскен.

Премьер-министр Үкімет мүшелерінің дұрыс жұмыс істей алмай отырғанын айтып, мәселені үнемі бақылауда ұстауды қатаң тапсырды.

«Қырыққабат пен қантқа байланысты ғана объективті мәселелер бар. Қалған өнімдер бойынша бағаның өсуі негізсіз. Сіздер «Қорларда қаржы бар. Тұрақтандыру қорында азық-түліктің қоры жеткілікті» деп айттыңыздар. Бәрі жеткілікті, бәрі бар болса, неге баға өседі? Сіздердің тараптарыңыздан бақылау жоқ. Қазіргі таңда қызанақ, қиярдың бағасы шарықтап барады. Оған қарап жатқан ешкім жоқ. Бақылауға алыңыздар», – деді Бақытжан Сағынтаев.

«Айқын» ақпарат  

Дереккөз: Айқын