Сағынтаев: Бізге талантты адамдар қажет
Бүкіл Қазақстанға жалғыз IT-университеті жеткіліксіз.
Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Алматыда өтіп жатқан Еуразияның экожүйесінің инновациялығына арналған «Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0.» форумының пленарлы сессиясында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкімет басшысының айтуынша, цифраландырудың аясында Astana Hub-тың ашылуы маңызды жаңалық болды.
«Біз былтыр, жыл бойына Астана Хаб туралы айтып жүрдік. Бұл біз үшін сын болды, бізге нәтиже қажет еді. Былтыр, жыл бойына ұйымдастырушылық-техникалық заттарды дайындадық, заңнамаларды өзгерттік. Барлық өзгерістер парламенттің шешімімен жасалды. 2018 жылғы қараша айының бас кезінде жоба түгел жүзеге асырылды», — деді Сағынтаев.
Ол жаңа технологиялар саласында мемлекетке талантты адамдардың қажет екенін атап өтті.
«Алғашқы кезде стартаперларды шақырған кезде, біздерге талантты адмдардың керек екенін айтқан болатынбыз. Бәрі бірікті… Бәріне есік ашық болды. Іске қосу кезеңінде Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстаннан достарымыз келіп жұмыс жасады. Сондай-ақ Белорусь, Ресеймен қызмет атқардық. Үлкен қызығушылық болды. Бизнес пен жоғары технологиялық компаниялардың көмегінсіз мүмкін емес еді. Nokia, CISCO, IBM-мен, өзіміздің компаниялармен ана жақтан (4 қабатты ғимараттан — ред.) зертхана ашып, тапсырыстарды үшінші қабаттан түсіру жайлы сөйлестік. Тапсырыс беруші мен орындаушы жақын маңда болуы үшін қаржыландыру мәселесі өте маңызды болды. Таланаттарды, бәсекелестік пен қаржыландыруды біріктіруге тырысып көрдік», — деді үкімет басшысы.
Қазақстан ЕАЭО мемлекеттерінен таланттарды қабылдауға дайын деді Сағынтаев. Қазақстан да басқа мемлекеттер жақтан туындайтын бәсекелестіктен қорықпайды.
«Осы салада жұмыс жасауға әу бастан икемі бар адамдар қажет. Біздер кадрларды дайындап жатырмыз. IT-университеті жұмыс жасап жатыр, бірақ бір университет аздық етеді. 1-қыркүйектен бастап Астана Хабтың жанынан жаңа IT-университет іске қосылады. Бұл біз үшін басымдық береді. Астана Хаб сияқты орталықтардың жанында университет болуы керек. Экожүйе туралы айтқанда, бұл өте маңызды», — деп хабарлады Сағынтаев.
Ол өзге елден келген әріптестеріне Қазақстанның мектепте берілетін білімге деген акценттің өзгергенін айтты. Информатика пәні мектептерде 3-сыныптан бастап оқытылады.
«Әр облыс орталығында жоғары өнімді 20 колледж, 10 университеттен болуы қажет. Президент білім саласын қаржыландыруды 10% дейін көтеруде тапсырды. Жұмыс жүріп жатыр. Бәрі әлі алды», — деді Сағынтаев.
Жыл сайын өтетін «Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі» форумы 2017-жылғы 11-қазан күні өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың отырсында айтылған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп келеді. Форумның басты мақсаты — ЕАЭО мемлекеттерінің цифрлы экономикасының жедел дамуына мүкіндік беретін ортақ шараларын жасап, олардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру болып табылады. Форумның ұйымдастырушысы — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі. Биылғы жылы форум тарихта екінші рет Алматыда өтіп отыр.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/