Сағынтаев алматылық панасыз азаматтардың қайда кеткенін айтып берді – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы әкім Бақытжан Сағынтаев карантин кезінде панасыз азаматтар қайда жүргені туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

панасыз

Сағынтаев ТЖ кезінде қанғыбастардың мәселесі әкімдіктің назарынан бей-жай қалмағанын алға тартты. 

«Олар айдалада қалды деген секілді әңгімелер айтылып жүрді. Тіпті, панасыздарды қала сыртынан апарып тастады деген де сыбыстар таралды. Біз олардың жағдайынан хабардармыз. Ешкім де бұл азаматтарды сырт жаққа апарып лақтырып тастаған жоқ. Біз олардың жүріс-тұрыстарына қадағалау жүргізіп тұрамыз», – дейді қала басшысы. 

Сөзінше, қанғыбастарға арналып 300 адамдық палаткалар орналастырылған қалашық тұрғызылыпты. 

«Жатын орынмен, киім-кешек пен тамақпен қамтамасыз еттік. Ауланы тазартып, жарық бағаналарын орнаттық. Олар жатқан аймақ тұтастай бақылауда. Олардың арасында қарттар үйіне апаруға болатын адамдарды қарастырып жатырмыз. Жалпы, панасыздар біздің назарымыздан тыс қалмады», – дейді Сағынтаев. 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде қалаға баратын тас жолдардың бойын кезіп жүрген қанғыбастар түсірілген видео таралған болатын. Бейнежазба авторының сөзінше, оларды әлдебіреулер қаладан тиеп әкеліп, сырт ауылдарға әкеп тастаған. Бұл туралы қалалық ПД түсініктеме берген болатын. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз