Сағынтаев Алматыдағы артық қабірдің мәселесін түсіндірді
Қысқа сілтеме алу
Зиратта жерленген 10 адам анық коронавирустан қайтыс болған. Ал қалғандары басқа диагноздан көз жұмған
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ресми статистикаға кірмеген адамдарды бөлек зиратта жерлеу мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімнің айтуынша, қазіргі тәртіп бойынша қайтыс болған әрбір адамның мәйіті коронавирус инфекциясына тексерледі. Осы вирустан немесе басқа арудан көп жұмған, бірақ коронивирус инфекциясы табылған адамдар арнайы полигонда жерленеді. Олар коронавирус статистикасына кірмейді. Алайда, жерлеу тәртібі инфекциядан қайтыс болғандармен бірдей.
«Бізде жүрек ауруынан, қант диабетінен және басқа да аурулардан қайтыс болғандар бар. Бірақ тәртіп бойынша сот-медициналық сараптама кезінде әрбір мәйіттен коронавирус инфекциясына сынама алынады. Сол кезде вирус шықса, коронавируспен ауырған адамдармен бірге жерленеді. Өйткені мәйітте инфекция бар. Оны басқа зиратта жерлеуге болмайды. Инфекция жұғуы мүмкін», – деді Сағынтаев бүгінгі онлайн брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, зиратта жерленген 10 адам анық коронавирустан қайтыс болған. Қалғандары басқа диагноздан көз жұмды. Бірақ ағзасынан коронавирус инфекциясы табылған.
«Сол себепті оларды бір зиратта жерлеген. Біреуді мәжбүрлеу деген жоқ. Алладан қорқу керек ондай дүниені жасау үшін», – деп атап көрсетті Сағынтаев.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда індет салдарынан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі әзірленіп жатыр
sputniknews.kz