Сағынтаев: Алматыда 150 коронавирус ошағы бар — Қазақстан жаңалықтары
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирустың 150 ошағы бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Індет ошақтарына келер болсақ, коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелген уақытта 613 ошақ болды, 463 ошақтан шектеу шаралары алынып тасталды, енді бүгінде 150 ошақ бар. Алатау ауданында – 59, Медеу ауданында –24, Бостандық ауданында –25, міне, осы үш ауданда көп болып тұр», — деді қала әкімі.
Бұған қоса ол ҰҚК шекара қызметі академиясының індетке шалдыққан курсанттары жайлы да сөз қозғады.
«Курсанттардың көпшілігі ауырды. Казармада жатқандардың барлығы ауырып шыққанша тоқтамады. Осы жағдайда вирустың тез тарағанын бақыладық. Казармада бір адам ауырған еді, басқаларының барлығына жұқты», — деді Сағынтаев.
Соңғы ақпаратқа сүйенсек, Алматыда 2353 адам коронавирус жұқтырған.
stan.kz