Сағындық Тоғамбай Азия ойындарында қарсыласын нокаутпен ұтты
92 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Ханчжоудағы Азия ойындарын сәтті бастады, деп жазады Kznews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
92 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Ханчжоудағы Азия ойындарын сәтті бастады. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде моңғол боксшысын техникалық нокаутпен ұтып шықты.
Сағындық Бариахаан Доржға қарсы жекпе-жегінде айқын басымдық танытты. Бірінші раундта қарсыласын бір рет нокдаунға түсірсе, екінші раундта тағы да төреші нокдаун ашты. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосынов, Ертуған Зейнуллин, Махмұд Сабырхан мен қыздар арасында Назым Қызайбай келесі кезеңге шыққан еді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы