Сағаты екі мың. Жас қыздарды жезөкшелікке салғандар ұсталды
Қылмыс «Тоқта трафик» жедел алдын алу шарасы барысында анықталды.
Ақмола облысында жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілер ұсталды. Ведомствоның мәліметінше, қылмыс «Тоқта трафик» жедел алдын алу шарасы барысында анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Шара қолға алынғаннан бергі 3 күн ішінде ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі бөлімшелер, әкімшілік полиция және көші-қон қызметі бірлесіп, өнеркәсіптік орындарда, ауыл шаруашылығы аумақтарында, көңіл көтеру, монша-қонақүй кешендерінде рейд жүргізді. Соның нәтижесінде адам саудасына қатысты 4 қылмыстың беті ашылды. Оның 2-уі жезөкшелікке тарту және 2-уі жеңгетайлыққа қатысты», дейді ПД баспасөз қызметі.
Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, Көкшетау қаласында тұратын әйелдің үстінен ҚР ҚК 308 бабы (жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу) бойынша іс қозғалды. Әйел қорқыту, бопсалау, күш қолдану арқылы 23 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.
Дәл осындай оқиға Щучье қаласында анықталды.
Сонымен қатар, арнайы шара кезінде Щучье және Степногор қалаларында жеңгетайлық оқиғасы әшкерленді. Онда заң бұзушылар белгіленген ақы үшін қыздарды жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Күдіктелер қызмет ақысын 2 000 теңгеге бағалаған.
Қазіргі кезде барлық оқиға қатысты ҚР ҚК 309-бабы бойынша із қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш санкция бойынша күдіктілер мүлкін тәркілеумен қоса, 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz