Сағаты 30-50 мың теңге: Елімізде тренинг жасаушылар қыз-келіншектерге кеңес айтып, ауадан ақша жасап жүр — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Елімізде «ақыл сатқыш» тренерлер мен психологтардың жұмысы жыл санап қызып келеді.  Мұндайда олардың удай қымбат бағалары мен түсініксіз, кейде тіпті ақылға қонымсыз әрекеттері ұсыныстың көбеюіне тосқауыл емес. Неге?  Ақыл айтқыштардың сөзіне имандай сеніп, жиған-тергенінің бәрін қолына ұстата  салғандардың арасында қалтасынан қағылғандары да жетіп артылады.

Сағаты 30-50 мың теңге: Елімізде тренинг жасаушылар қыз-келіншектерге кеңес айтып, ауадан ақша жасап жүр

Фото: syrlasu.kz

Тіпті сол психологтар кітап оқымайтын еріншектердің арқасында байып жатқанын да жасырмайды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қазір  тренинг оқып, елге мотивация бергіштердің дәурені жүріп тұр. Елге кеңес беріп, ақыл-оймен бөліскен дұрыс-ақ. Тек кейбір ақыл айтқыштардың  ерсі әрекеттерінен жаға ұстайсың. Бірі миға қонымсыз дүниелерді жасауды талап етсе, өзгесі қыз-келіншектерді мазақ еткендей. 

Қазір ақыл түйгендерден гөрі, ақшасы күйгендердің қатары артқан. Солардың бірі елордалық Гүлназ есімді ару. Мұндай бапкерлердің талайын көрген ол мыңдаған теңгесін тренингтерге аямай шашыпты. Бірақ… 

«Мен көптеген осы психологиялық тренингтерге барған кезде, көп ақша жұмсадым деп айта аламын. Соның барлығына татитын өзіме керекті нәрсені ала алмадым. Былай қарасаңыз, ой жаңа нәрсе үйренем-ау деп барамыз, бірақ айтатын нәрселері бір. Олардың ішінде біздің жұлдыздарымыз да бар. Тренингшіл- жұлдыздар», — дейді қала тұрғыны Гүлнәз.

Қызығы қандай тренингке барсаң да, айтылатын  сол баяғы бір әңгіме. Өзіңе түртіп , жаңадан үйреніп алар дүниесі шамалы, дейді қатысушылар.  Алайда бәрі осымен ғана шектелсе қане? Кейбір коучер-тренерлер ақылға қонымсыз дүниелерді істетуде!

 

Енді бірі ертең күлкіге қалатындай жағдайға жеткізеді. 

Сорақысы, осылайша алданып, ертесіне мазаққа қалғандардың саны жүздеп, тіпті мыңдап саналады. Неге? Бұған қатысты коучер Құралай ханым бүй дейді.  

«Адам бірінші өзі «Менің атым Қожадағы секілді» айнаның алдына барып, айтып: «Менің осыған моральдық құқығым бар ма, біреуге ақыл айтуға, нақты. Мысалы өзім бірнеше рет ажырасып немесе өзінің отбасын сақтай алмай, немесе жаңағы баланы дұрыс тәрбиелемей жатып, біреуге ақыл айту деген ұят нәрсе деп ойлаймын. Ең бірінші тренердің ұят деген мәселесі, моральдық құқығы болу керек деп ойлаймын», — дейді психолог-тренер Құралай Ханым. 

Күні кеше, тренингтерге 2,5 млн теңгесін құйған ақтөбелік бойжеткен желіні біраз шулатып еді.  Иә, ақысыз тренинг жоқ. Бәрінің бағасы удай қымбат. Мәселен,  елге онша таныла қоймаған тренердің өзі сағатына 30 -50 мыңдай сұрайды.  Қалғандарын айтпасақ та түсінікті.  

“Біздер отбасында алмаған нәрсені сырттан аламыз. Егер әрбір қазақ қызы…бере білсе ол жанағы тренингтерге бармас дер едім. Әйел болмысына қатысты бармай-ақ қоюға болады”, — дейді қоғам белсендісі Жасұлан Нұрмағамбетов. 

Жақын уақытта тренингтерге баратындардың қатары азаймайтын сыңайлы.  Демек,  әлі қаншасы алданады, ол жағы сұрақ күйінде қалып отыр. Белгілісі- тренердің сөзіне имандай сеніп, айтқанын 100 пайыз бұлжытпай орындау- қате. 

«100 пайыз басыбайлы соның айтқанын тыңдап, фанат болу- менің ойымша ол дұрыс емес. Әрдайым адамның ішкі діні, ділі болу керек. Мына адамның айтқаны маған келе ма? Мысалы мен өзім трененрді қараймын, барғым келген адамды. Оның отбасы қандай? Егер ол екі-үш күйеуге шыққан әйел болса, ол менің болашағымды, қазақта айтады «Сынықтан басқанның бәрі жұғады» деп. Ертең мен ол кісіні қайталап кетуім мүмкін. Себебі ол маған ақыл айтады, ол маған жолдарды көрсетеді. Ертең мен де тура соның өмірін қайталауым мүмкін», — дейді психолог-тренер Құралай Ханым. 

Қызығы, 300 доллардан астам ақша құйып, тренинг-коучерлердің кеңесін алғаннан кейін түк білмей шықсаңыз, олардың сіздерге айтар жауаптары да дайын екен. Сіз жеткілікті дәрежеде сенбедіңіз дейді. Болды, соңында өзіңіз ақымақ болып ортада қаласыз. Сондықтан мамандар, шетелден келген  психологтардың, тіпті отандық мамандардың  тренингіне бармас бұрын, оның еңбек жолымен  етене танысып алған жөн дейді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz