Сағат 18:00-ге дейін қазақстандықтардың 73%-і дауыс берді
Қазақстан халқы республика бойынша 10 мыңға жуық сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00 кезінде қазақстандықтардың 72,9%-і дауыс берді. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов мәлімдеді.
Оның ішінде:
Ақмола облысы бойынша – 81,0%
Ақтөбе облысы – 84,1 %
Алматы облысы – 86,3 %
Атырау облысы – 71,1 %
Шығыс Қазақстан облысы – 77,2%
Жамбыл облысы бойынша – 73,8%
Батыс Қазақстан облысы – 66,2%
Қарағанды облысы – 72,8%
Қызылорда облысы – 69,1%
Қостанай облысы – 81,1%
Маңғыстау облысы – 65,7%
Павлодар облысы – 73,1%
Солтүстік Қазақстан облысы – 75,7%
Түркістан облысы – 78,8%
Нұр-Сұлтан қаласы – 63,7%
Алматы қаласы – 49,2%
Шымкент қаласы – 63,6%.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекетте үш сағат ішінде халықтың 12,8%-і дауыс беріп үлгерді. Түскі сағат он екіге дейін халықтың 35%-і дауыс берді.
Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-дегі жағдай бойынша елдегі сайлаушылардың 51,8%-і дауыс берді. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 66%-і дауыс бергені белгілі болды.
stan.kz