“Саған иттік жасағандарды Аллаға тапсырдым” — Майқайың апатынан табылмаған азаматтың әйелі жантебірентерлік видео жариялады

0

Майқайыңдағы апатта сол күйі табылмаған азамат Айдос Шаймерденнің жұбайы Нұрсұлу әлеуметтік желіде жантебірентерлік видео жариялады. Келіншектің айтуынша, сол қайғылы оқиғадан кейін 60 күн өткен.

«Жаным Айдос, қанша жүрегім ауырса да мен сені құтқара алмай жатқан жерге келдім. Күнде бір үмітпен келемін осында. Қанша адамды құтқардың, бірақ сені ешкімнің құтқара алмай жатқанына жүрегім ауырады. Бүгін алпысыншы күн. Бір үмітпен жүрмін. Алла Тағала сенің басыңа барып құран бағыштауды нәсіп етсінші деймін. Саған иттік жасағандарды бір Аллаға тапсырдым»,- дейді келіншек.