“Саған әлі ешкім ұсынбаған шығар” — Шымкентте жемқорлық жоқ деген Берденов елден сөз естіді

Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Руслан Берденовтың мәлімдесі желіде тарады.
«Мемлекеттік сатып алулар бойынша – бізде бұрын болған сыбайлас жемқорлық деректері қазір жоқ. Мен мұны ашық, ресми түрде айта аламын және бұл тек менің емес, бұл осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің сөздері. Қазір құрылыс саласында, мемлекеттік сатып алуларда сыбайлас жемқорлық жоқ», — деді Берденов журналистермен әңгімелесу кезінде.
Желі қолданушылары бұл сөзге күмәнмен қарап, тіпті әзілге айналдырды.
“Мынау не айтып тұр?”, “Өзіне әлі ешкім ұсынбаған шығар”, “Өзіңе күлкілі емес пе?”, – деп жазды.
фото: ашықдереккөз