«Sagadat batyr – QTT» спорт клубының үздіктері анықталды

0

«Нұр Отан» партиясының Іле аудандық филиалының бірінші орынбасары, Ерболат Сапарұлының қолдауымен «Sagadat batyr – QTT» спорт клубының жыл сайынғы дәстүріне айналған есеп беру кеші- салтанатты түрде өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Меркелік іс- шарада 40-тан аса джиу-джитсу шеберлерін естелік сыйлықтар мен «үздік спортшы» «ең жақсы техника», «еңбекқор спортшы», «батыр қыз», «Сағадат батыр мақтанышы» сынды номинациялармен марапаттады.

Алматы

Сонымен қатар, БАӘ Абу-Даби қаласында джиу джитсудан өткен әлем чемпионатының чемпионы, Қырғызстан Республикасы Ош облысында өткен «Alay open» халықаралық турнирінде ұл балалар арасында чемпион атанған, елімізде өткен «Astana CUP», «Arlan Grip», «Sagadat batyr» халықаралық турнирлерінің чемпионы болған Жібек Құлымбетова мен Қырғызстан Республикасы Ош облысында өткен «Alay open» халықаралық турнирін чемпионы, елімізде өткен «Astana CUP», «Arlan Grip», «Sagadat batyr» халықаралық турнирлерінің чемпионы Жанәли Серік «Жыл үздігі 2018» номинациясымен марапатталды.

Алматы

«Sagadat batyr- QTT» спорт клубының «Үздік бапкер 2018» Диас Қанайбеков, «Білікті бапкер» номинациясымен Елжан Жұмәділ және Айтпанбет Самат марапатталды.

алматы
Кешке арнайы шақырылған қонақтар, ата-аналар керемет кештің куәсі болды. Кеш қонағы Іле аудандық ардагерлер кеңесінің торағасы, Іле ауданының құрметті азаматы, аудандық мәслихат депутаты Исаев Әмзе Әлдібекұлы джиу- джитсудан «Спорт шеберлігіне үміткер» спорттық атағын Мақсат Мұратұлы мен Ермахан Сағидоллаевқа табыстады.

Қазіргі таңда,»Sagadat batyr – QTT» спорт клубында 150-ден аса шәкірт жаттығып, әлемдік ареналарда джиу-джитсудан Қазақстан намысын қорғап келеді. Клуб спортшылары алдағы уақытта бұданда үлкен жетістіктерге жетіп, үкілеген ел үмітін ақтайтынына сенім білдіреміз.

«Қамшы» сілтейді