Садыр Жапаров Қырғызстан президенті қызметінен кетеді
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров отставкаға кетті. Бұл туралы оның баспасөз қызметінің мәлімдемесінде айтылған.
«Мен елдің президенті қызметінен кетуге, сондай-ақ Қырғыз Республикасы премьер-министрінің өкілеттігін тоқтата тұруға шешім қабылдадым және қарапайым азамат ретінде мен алдағы президенттік сайлауға қатысамын», — деді Садыр Жапаров.
Заңға сәйкес, парламент спикері Талант Мамытов президент қызметін атқарады. Үкімет басшысының өкілеттіктері Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Артем Новиковке беріледі.
2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін президенттік сайлауға қатысуға ОСК құжаттарды қабылдап жатыр. Комиссияның мәліметінше, жоғары лауазымға үміткерлер саны қазірдің өзінде 50 адамнан асты.