Садыр Жапаров 2026 жылға дейін шенеуніктердің айлығын көтеруге тыйым салды
Қырғыз президенті мораторий жариялады.
Қырғызстан президенті мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге мораторий енгізді. Тиісті құжат үкіметтік «Эркин-Тоо» газетінде жарияланды.
24.kg басылымының дерегінше, тыйым 2026 жылға дейін енгізілген. Атап өтілгендей, бұл шешім мемлекеттік бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында қабылданған. Мемлекеттік ведомство, комитеттер, президенттің өңірлердегі уәкілетті өкілдіктері, сондай-ақ жергілікті басқару органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге тыйым салынып отыр. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың штат санын кеңейтуге де рұқсат жоқ. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын, сондай-ақ штат құрылымын өзгерту ерекше жағдайларда мемлекет басшысының жеке шешімімен мүмкін болады. Мораторий қызметін Президент пен Министрлер кабинеті шешімдерінің орындалуын бақылау бөлімі қадағалауы тиіс.
ақпарат: inform.kz
фото: proforientator.kz