«Садақамыздың сауабы шығар»: Қарақат Әбілдина бір қауіптен аман қалғанын айтты

0
1118
Қарақат Әбілдина кенеттен болған қауіп-қатерден аман қалғанын айтып, шүкіршілік етті. Әнші өзгеге жасаған жақсылықтың сауабы тиді деп топшылады. 

Әнші үйінде болған келеңсіз жайтты айтты. Аллаға шүкіршілік етіп, балаларының амандығын тіледі.

“Құдай сақтаймын десе. Кеше кешкісін үйде әдеттегідей құлыншақтарым улап-шулап, жүгіріп жүрген ғой. Бір кезде “гүрс” ете қалған дауыс естілді. Зәрем ұшып, балалар ойнап отырған бөлмеге жетіп барсам, жоғарыда қабырғада ілулі тұрған үлкен кітап сөресі жерге құлапты. Екі ұлымның көздері бақырайып, тізелері дірілдеп, не болғанын түсінбей аң-таң. Төбеден жиhаз құлайды деп кім ойлаған? Төменде екеуі ойнап отырған ғой. Құдай сақтап қашып үлгерген. Қыздарым ше? Үнемі томпаңдап ағаларының қасынан шықпайтын екеуінің сол сәтте басқа бөлмеде болуы Алланың сақтағаны емейғ немене?!

Алла Ұлық. Алла әр кездегі дұғамызды қабыл етті-ау. Берген садақаларымыз сақтады дедік. Әйтпесе деген, ойлауға тіпті қорқынышты. Ауыр, таза ағаштан жасалған іші кітапқа толы ауыр дүние. Жүрек қозғалып барып орнына түсті”, – деп жазды әнші.

Қарақат ханым жақында жұбайының сыйлығын жоғалтқаны  жайында айтты. Қымбат нәрсенің жоғалуының да қайыры бар деп өзін жұбатты. Кез келген садақаның, дұға-тілектің орындалғаны деп топшылады.

“Бір қызығы, осыдан аз ғана уақыт бұрын былтырғы жылы туған күніме сыйлаған бриллиант браслетімді таппай қалғам, ұшты-күйлі жоқ болып кетті.
Қыдекеңнің сыйлығы мен үшін де бағалы еді. Әлде де бір жерден шығар деп үмітті үзіңкіремей жүргенде бір үлкен кісі “бар жамандық сонымен кетсін де. Қымбат дүниенің жоғалуы –  үлкен бір қайғының, қиындық, бәле-жаланың алдын алып тұрғаны да“ деп еді.

Сондағы міне, осы болып тұр ғой. Көбіне осы жерде ойнағанды ұнатушы еді құлыншақтарым. Шүкір, шүкір, Жаратқанға, балаларымның амандығынан басқа не керек?! Қасиетті жұмада барша аналарға айтарым балаларымыз үшін үнемі дұғада болайық. Қауіп қайдан демеңіз? Үйдегі заттарға мұқият болайықшы. Әрқайсымыздың Алладан сұрап алған көзге көрінгендеріміз амандық-сау, ақыл-есі бүтін, парыздары түгел, иманы берік, ата-анаға қайырлы, халыққа адал ұрпақтан болып өссін. Аналық ақ жүрегім. Ақ тілегім”, – деп жазды Қарақат Әбілдина.

“Алла сақтады”, – деп жазды Мәдина Сәдуақасова.

“Аллам сақтасын сәбилерімізді”, – деді Жазира Байырбекова.

“Қарақат ханым, тілекшіміз, Алла сақтапты аман болсын балалар”, “Алладан үнемі тiлейтініміз, назарынан тыс қалдырмау ғой. Аманшылық болсын”, “Құдай сақтасын! Періштелері қаққан екен. Балалар аман болсын!” деп жазды желі оқырмандары.