Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі кім екені белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Желіде актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші рет отау құрған сәтінен суреттер таралған еді. Әбдіхалықовтың бұл жолғы таңдауы жас актриса Динара Абдуллинаға түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Динара Абдуллина

Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші жары атанып, құлағына сырға таққан Динара Абдуллина 1989 жылы 30 қаңтарда Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. 

2007-2011 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма театр және кино» актер мамандығы бойынша білім алған. 

2011 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып жұмыс істейді.

2017жылы «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 

Динара Абдуллина

Жас актриса осы күнге дейін көптеген отандық телехикаяларға түсіп, бірнеше басты рөлдерді сомдап үлгерді. «72 сағатта үйлену» атты фильммен көпшілікке танымал. Осы күнге дейін «Шырағым», «Саған сенемін», «Иірім. Ана қадірі», «Шекара шебінде», т.б. сериалдарда бой көрсетті. 

Телехикаядан бөлек театр сахнасында осы уақытқа дейін Джульетта, Баян, Меңсұлу сынды басты рөлдерді сомдаған. 

Актрисаның БАҚ-на берген сұхбатында 3-курста оқып жүргенде аяқ-астынан әкесі өмірден өткенін, жанына қатты батқан сол жағдайдан кейін інілерін оқытуды, үйлендіруді, дұрыс жолға түсіруді өзіне мақсат еткенін айтқан. 

Айта кетейік, бұған дейін Сәбит Әбдіхалықовтың Атырауға күйеубала болғанын хабарлаған едік. 

stan.kz