Сәбит Әбдіхалықовтың орнына жаңа басшы келді

0

5 наурыздан бастап Әуезов театрына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек басшылық етеді

АЛМАТЫ, 5 наурыз  – Sputnik. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек тағайындалды, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Сәбит Әбдіхалықов басқаратын театрдың әртістері шу шығарды 

«Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК ұжымына мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен жаңа директор тағайындалды. 5 наурыздан бастап театрымызға өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Тілеуқұлұлы Жуасбек басшылық етеді», – делінген ақпаратта.

Бұған дейін театрды Сәбит Әбдіхалықов басқарған болатын. Ол 2020 жылдың 28 ақпанынан бастап қызметінен босатылды.

Еркін Жуасбек туралы не білеміз

1965 жылы Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Сарыбарақ ауылында дүниеге келген.  

1982 жылы  Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының театр факультетіне «Драма және кино актері» мамандығына оқуға түсті.

1984-1986 жылдары әскери борышын атқарды.

1986-1988 жылдары оқуын жалғастырып, бітіріп шықты.

Еңбек жолын ҚР Ұлттық ғылым академиясының Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға лаборант болып бастады.

1990-1993 жылдары осы институтта аспирантурада оқыды.

1994 жылы театртану саласы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, институтта ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

1996-1997 жылдары Қазақтың өнер мәселесі бойынша ғылыми орталығына бөлім меңгеруші қызметін атқарды.

1997-1999 жылдары ҚР білім және мәдениет министрлігі мәдениет комитетінің «Театр және кино» бөлімінің бастығы;

1999-2001 жылдары республикалық неміс драма театрының директоры;

2001 жылы Әуезов атындағы академиялық драма театрында әкімшілік директоры;

2004-2008 жылдары ҚР театр қайраткерлері одағының төрағасы;

2008 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың сәуіріне дейін Астана қаласындағы Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының директоры қызметін атқарды.

2013 жылдың 1 сәуірінен Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры-көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.

Еркін Жуасбектің «Үйлену», «Күлеміз бе, жылаймыз ба?», «Антивирус» пьесалары республикалық театрларда сахналанды.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз