Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі дүниеден өтті

0

Белгілі актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі дүниеден өтті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актер әкесінің дүниеден өткенін жеке парақшасында айтты.

«Менің жүрегімді уайымдап жүргенде, өзінің жүрегі тоқтады. Қайран, әкем! Өмірден өте жақсы адам боп өттің», – деп жазды актер.

Сондай-ақ, актердің алғашқы жұбайы актриса Айгүл Иманбаева да бұрынғы қайын атасының дүниеден өткеніне қайғырып көңіл айтты.

«Бүгін Асылжанымның атасы Әбдімүтәлі дүниеден өтті. Жақсы кісі еді. Иманды болыңыз, әке! Соңғы кездесуіміз екен», – деп жазып актриса тойдан видеоны бөлісті.

Актердің ұлы Асылжан да атасы туралы естелік жазба жариялады.

“Есімімді Асылжан деп қойған Әбдімүтәлі атам, әзілқой әрі момын адам еді… Аллаға сансыз шүкір осындай атам болғанына, сол кісінің көзін көріп, қасында отырып сырласып үлгергенімізге”, – дейді Асылжан.

Актердің оқырмандары мен әріптестері қазаға көңіл айтып жатыр.