Сабина Алтынбекова: Өмірде мінезсіз ешнәрсеге жету мүмкін емес

0
222
Сурет: instagram.com/altynbekova_20/tagged/

Әлемдегі ең әдемі волейболшылардың бірі Сабина Алтынбекова БАӘ-дегі «Аль-Васл» клубында спорттық мансабын қайта бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Liter.kz басылымының ақпарат көзіне сүйенсек, спортшы іс жүзінде араб клубына оралуға келісім берген.

Алтынбекова өзінің Instagram-дағы парақшасында араб клубына қайтып оралуы туралы айтқандай болды.

Ол Аль-Васлда бірге ойнаған мексикалық Джоселин Уриас Кастромен түскен суретін жариялады. Джоселин Уриас Кастро Дубай командасынан Испаниялық клубқа кеткен еді.

«Егер өмірде ұтылушылар болса, онда бақытты адамдар бар. Егер әлсіздер болса, мықтылар болуы керек. Барлығы адамның қалауымен, мақсатқа деген ұмтылысымен, оның мінезімен анықталады. Ал мінез – негізімі. Жеке тұлға өмірде мінезсіз ештеңеге қол жеткізу мүмкін емес», – деп қазақстандық волейболшы.

Алтынбекова Дубай командасында 2019 жылдың желтоқсанынан бастап 2020 жылдың маусымына дейін ойнады. Содан кейін ол италиялық «Касертаға» ауысты, бірақ команданың қаржылық мәселелеріне байланысты дебют жасай алмады.

Содан кейін пандемия басталды, ал қазақ волейболшысы командасыз қалды. Желтоқсан айының соңында Сабина Алтынбекова Саят Салманұлына тұрмысқа шықты. Бұл оның көптеген жанкүйері үшін тосын жаңалық болды. Сабина Алтынбекова мен жолдасы тойын шағын адаммен атап өтті.

Сонымен бірге, спортшы өзінің спорттық мансабын жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.