Сабина Алтынбекова не үшін атын өзгерткенін түсіндірді

0

Волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде есімін өзгерткеніне қатысты пікір білдірді.

Спортшының оқырмандары оның Facebook-те аты Нұрипа Алтынбекова деп өзгергенін көріп, осы жайында сұраған.

Есіміме қатысты. Қателесіп, анамның Facebook-парақшасын тіркеп қойыппын. Жақында өзгертемін, – деді спортшы.

Сондай-ақ Сабина әлемнің ең бай 20 волейболшы тізіміне кіргені туралы сұраққа жауап берді.

Ұйқыдан оянып, өзімнің «ең бай 20 волейболшының рейтингінде» екенімді көрдім. Біреулердің менің өміріме қатты мән беретініне таңғаламын. Ал шынымды айтсам, мен сүйікті ісіммен айналысамын. Сол арқылы табыс тауып отырмын. Мен жұмыс істеп жүрген кезде біреулер ақшамды санап, сол туралы әлеуметтік желіде жазып жүр екен. Ондай нәрсені қатты ұнатпасам да осы жаңалықты естіп, бір күліп алдым, – деді спортшы.

Сабина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енген болатын. Рейтинг Түркияның Milliyet сайтында жарияланды. Тізімде Сабина Алтынбекова 11-орында тұр. Оның ақшалай байлығы 4,7 миллион доллар деп көрсетілген.

Сабина Алтынбекова БАӘ-нің «Әл-Васл» клубында ойнайды. Жуырда ол осы елдің ұлттық чемпионатын жеңіп алды.