Сәбиді өлсін деп тастап кеткен, алайда тағдырдың жазуы басқа болды

0

Жаңа туған нәрестені өлсін деп, пакетке орап тастап кеткен, бірақ тұрғындар сәбидің жылаған дауысын естіп, полиция шақырды

Жантебірентерлік оқиға АҚШ-тың Атланта қаласы маңында болған.

Бастапқыда жергілікті тұрғындар сәбидің жылаған үнін аңмен шатастырады, кейін нәрестенің дауысы екеніне көзі жетіп, полиция шақырыпты.

Тағы көріңіз: Көшеде келе жатқан жігіт биіктен құлаған сәбиді қағып алды — видео

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер пакетті ашып, жаңа туған нәрестені алып шықты. Сәбиді тіпті жуындырмаған, кіндігі де жазылмаған екен.

Қазір қыз баланың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция бөбектің ата-анасын іздеп жатыр.



sputniknews.kz