«Сәбиді дүниеге әкелу – үлкен жеңіс»: Алтынай Жорабаева сәбиінің есімін айтты

0
Әнші қызына Амина деген есім берді.

Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында бесінші қызына қандай есім бергенін айтты, – деп хабарлайды Kznews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Әнші қызына Амина деген есім берді.

«Амина Алишерқызы. Қош келдің, ботам. Бес қызым – бес бармағым. Барлық мақтау мен мадақтар, тек бір Аллаға ғана тән. Қымбатты тілекшілерім, сіздердің «аман-есен жаның қалсын» деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып, сәбиді дүниеге әкелу – үлкен жеңіс», – деп жазды өнер иесі.

фото: әлеуметтік желіден