Сәби үш ата-анадан туды — Қазақстан жаңалықтары
Грекияда әлемде алғаш рет үш ата-анадан бір бала туды. Дәрігерлер бір ер адам мен екі әйелдің жыныс жасушасынан эмбрион алды. Эмбрионды өзге әйелге ауыстырып салды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бала 2,9 келі салмақпен өмірге келді. Денсаулығы жақсы.
Дәрігерлердің айтуынша, бала босанған әйел бұған дейін 5 рет жасанды ұрықтандыру әдісін жасатып көрді.
Оның бала көтере алмауына митохондриальді дисфункция себеп болды. Оның жұмыртқа жасушасы ұрық бөле алғанымен, ұрықтануға қауқарсыз болды.
Институт мамандары бұл әдісті испаниялық мамандармен бірлесе отырып, бес жыл бұрын жануарларға жүргізіп көрген. Бұл дегеніміз — ДНК митохондриясын ауыстырып салу дегенді білдіреді. ДНК митохондриясы донор әйелден ананың жұмыртқа жасушасына дейінгі энергияны реттейді. Осылайша екі ата-ананың генетикалық материалын сақтайды.
Зерттеуге тағы 24 әйел қатысты. Қзаір тағы 8 эмбрион ауыстырып салуға дайын.
Көптеген сарапшылар бұл әдістің этикалық әдіске жатпайтынын, көпшілік арасында дау туғызатынын айтады. Ұлыбритания ғалымдары бұл әдісті қолдануға алғаш болып 2018 жылы рұқсат алды.
stan.kz