«Сабаққа келмесе де, бағасын қойған»: 8-сынып оқушысы дүниеге сәби әкелді

Өзбекстанның Науаи облысында №15 мектептің 8-сынып оқушысы босанғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Сонымен қатар, оқушы сабаққа қатыспаса да, мектеп мұғалімдері оған баға қойып келгені айтылуда.
Облыстық білім басқармасы бұл мәселеге қатысты түсініктеме беріп, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Оқушыға сабаққа қатыспаса да баға қойылғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі.
Дереккөз: nova24.uz
фото: lucky-child.com