”Рысқұлов пен Сейфуллинді Алаш ардақтысы деп айту, солардың кеселінен құрбан болған бүкіл Алаш ардақтыларын қорлау емес пе?” — Ахметбек Нұрсила

0

Ахметбек Нұрсила Алаш ардақтылары туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

“Тұрар Рысқұловты ақтап алуға тырысу, Сталинді, Берияны, Голощекинді, Рахат Әлиевті, Назарбаевты, Қайрат Сатыбалды сияқты адамдарды: Олар ізгі жандар еді, халық үшін, ел үшін жандарын қиятын, Қазақты жанындай жақсы көретін тұлғалар еді деумен бірдей ғой.

Кеше Сұлтан Хан Аққұлұлы Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған хаттарының тұпнұсқасын жариялады, мен де бөлістім.

Соларды оқып шығып Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин Алаш ардақтысы деп айту, солардың кеселінен құрбан болған бүкіл Алаш ардақтыларын қорлау емес пе?”, — деп жазды кәсіпкер.