Рысбек Сәрсенбайұлы Айгүл Орынбектің үндеуіне қолдау білдірді

0

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек күні кеше желіде жазба жариялап, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне үндеу тастады. 

«ЖЕР, ТІЛ, ҰЛТ мәселесі — ақшамен бағаланбайды! 2016-2018 жылдары Жер комиссиясы мүшесі ретінде өз жүрген-тұрғаныма, біреуден бір тиын алған емеспін! Жазылған жазбаларыма, көтерген мәселелеріме ешкімнен қаражат алмағанмын деп Елдің алдында ашық айта аламын! Ал егер менің атымды пайдаланып Мұхтар Тайжан Үкіметтен ақша алған болса, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп-тексеруді сұраймын!», – деді ол.

Ал белгілі қоғам қайраткері, саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы Айгүл Орынбектің үндеуіне қолдау білдірді.