Рыбакинаның кездесуі тарихи жеңіспен аяқталды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тарихта алғаш рет Канкунда өткен WTA финалдық турнирінде жеңіске жетті. Бұл жөнінде Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үздік қазақстандық теннисші 1 қараша күні таңертең WTA финалының екінші кездесуінде грекиялық Мария Саккариді ұтты.
Кездесу 6:0, 6:7 (4), 7:6 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. Жеңіс Елена Рыбакинаның топтан шығуына барлық мүмкіндігін берді.
Елена Рыбакина мен Арина Сабаленко соңғы турда Bacalar тобындағы екінші жолдаманы сарапқа салады. Бұл матч 3 қарашаға қараған түні өтеді.
Бұған дейін Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик чилилік қарсыласын жеңіп, Франциядағы турнирдің үшінші кезеңіне өткен болатын.