Руслан Желдібай Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болды

0

Руслан Желдібай Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Руслан Сұлтанұлы Желдібай – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды», — делінген Жарлықта.

Бұған дейін Руслан Желдібай Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы қызметінен босатылған болатын.