Руслан Жанпейісов тағы да қамауға алынды — Қазақстан жаңалықтары

0

Бейбарыс Райымбеков (Руслан Жанпейісов есімімен белгілі блогер) әкімшілік құқық бұзушылық үшін 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 руслан жанпейісов

Шымкент қалалық полиция департаментінен мәліметінше, 12 сәуір күні Шымкент қаласындағы «Капал батыр» көпірінің жанындағы блокпостта полицейлер тоқтатқан көліктердің арасында «Opel» автомашинасы болған.

«Карантин кезінде қалада жүріп-тұруға рұқсат құжаттарын тексеру барысында жүргізуші Руслан Жанпейісов «Adil Stroi Project» ЖШС-да заңгер болып жұмыс істейтіні туралы анықтама ұсынған, оның сөзінше, сол анықтама негізінде полицейлер оны кедергісіз өткізуі тиіс болған. Онымен бірге, анықталғандай, аталмыш ЖШС қазіргі уақытта қала ішінде ешқандай жұмыстар атқарып жатқан жоқ. Азаматтарға, соның ішінде ішкі істер органдарына заңды сақтау қажеттігін айтып жүретін блогер тексеріс барысында құқықтық тәртіпті бұзуға әрекеттенді», — деді органда.

Блогер құжаттар тексерілгеннен кейін де полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіруді жалғастырған.

«Видео жазып, әлеуметтік желілерде трансляция жүргізді. Солайша, олардың блокпосттағы жұмыстарына кедергі жасады», — деді полиция департаментінде.

Бейбарыс Райымбековке қатысты ҚР ҚК-нің «төтенше жағдай режимін бұзу» және «төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер» бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

«14 сәуір күні видеоконференция түрінде өткен сот процесінде ТЖ режимін бұзушыға 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу тағайындалды. Сондай-ақ сот анықтағандай, азамат Райымбеков төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты құқыққорғау органдары қызметкерлерінің тарапына өзінің наразылық сөздерін білдіріп, іс-әрекетімен құқықтық тәртіпті бұзуға әрекеттенді. Тікелей эфирдегі трансляцияда өзінің негативті пікірлерін білдіре отырып, төтенше жағдай режимі жарияланған елдімекенде қызметтік міндеттерін атқарып жатқан лауазымдық тұлғаларға қарсылық білдірді. Осыған орай, оған 25 тәулікке әкімшілік қамауға алу тағайындалды», — деді департаментте.

 

 

stan.kz