Руслан Дәленовтің өмірбаяны

0

2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Руслан Дәленовтің өмірбаянын Sputnik дерекқорынан оқыңыз

Руслан Ерболатұлы Дәленов 1975 жылы 8 ақпанда Целиноград қаласында туған.

Білімі

1999 жылы Стамбулдағы Мармара университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

Отбасылық жағдайы

Үйленген, үш баласы бар. Жұбайы – Жанара Қуандыққызы Дәленова (Айтжанова)

Тағы оқыңыз: Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды

Еңбек өтілі

  • Еңбек жолын мемлекеттік кірістер министрлігінен бастады. 1999-2002 жылдар аралығында мұнай, газ және энергетика бөлімінің басшысы, кірістерді талдау және болжау департаментінің басшысы қызметін атқарды;
  • 2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың мамырына дейін– Қаржы министрлігі кірістер, конвенция және келісімшарт департаменті ағымдағы кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы;
  • 2003 жылдың мамырынан 2003 жылдың қыркүйегіне дейін – Қаржы министрлігі салық комитеті кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасының басшысы;
  • 2003 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін – Қаржы министрлігі кірістерді талдау департаментінің директоры;
  • 2005-2008 жылдар аралығында «Инвестициялар тиімділігін зерттеу агенттігі» ЖШС экономикалық тобының жетекшісі, жекеменшік компания директоры қызметтерін атқарды;
  • 2008 жылдың наурызынан 2017 жылдың сәуіріне дейін – қаржы вице-министрі;
  • 2017 жылдың сәуірінен 2019 жылдың 25 ақпанына дейін ұлттық экономика бірінші вице-министрі болды.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Тағы оқыңыз: Үкіметтің жаңа құрамы белгілі болды

Марапаттары

2012 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, 2015 жылы ІІ дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.

Тағы оқыңыз: Нұрлан Ермекбаевтың өмірбаяны 



sputniknews.kz