Руслан Дәленов халықтың табысы артқанын мәлімдеді

0

Осы жылдың сегіз айында (қаңтар-тамызда) Қазақстанда халықтың нақты табысы 6,7%-ке, ал ЖІӨ 4,3%-ке өсті

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жалпы ішкі өнім 4,3%-ке өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қаңтар-қыркүйекте жалпы ішкі өнім 4,3%-ке өсті. Өсім құрылыс (13,5%-ке), сауда (7,6%-ке) және көлік саласындағы (5,5%-ке) шығарылымның ұлғаюы есебінен болды», – деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкімет отырысында.

Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар 9,7%-ке өскен. Қыркүйекте жылдық инфляция 5,3%-ті құрады. Бұл жоспарланған дәліз шегінде (4-6%).

«Қаңтар-тамызда халықтың нақты табысы 6,7%-ке өсті», – деді министр.

Сонда-ақ, Дәленовтің ақпаратынша, өнеркәсіп өндірісі тоғыз айда 3,3%-ке артқан. Өңдеу өнеркәсібі мен кен өндіру өнеркәсібі өсудің драйверлері болды.

Өндеу саласында ең жоғары өсім жеңіл өнеркәсіпте, машина жасауда, сусындар өндірісінде және фармацевтикада байқалды.

«Көмір (-3,1%) және мұнай (-0,5%) өндіруде әлі де төмендеу байқалады», – деді ведомство басшысы.

Ал құрылыс саласында жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Өсім 13,5%-ке дейін жеделдеді.  8,8 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Дәленов сыртқы сауда қорытындыларына да тоқтады. Айтуынша, тоғыз айдың ішінде экспорт көлемі төмендеп, импорт, керісінше, артқан.

«Қаңтар-тамызда сыртқы сауда айналымы 1,8%-ке өсіп, 62,1 миллиард долларды құрады. Экспорт көлемі 37,6 миллиард долларды (4,5%-ке төмендеу), импорт 24,5 миллиард долларды құрады (13,2%-ке өскен).

Министр экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар мынадай шараларға баса назар аударуы қажет екенін атап өтті.

Біріншіден, экономика салаларында қол жеткізілген өсу қарқынын ұстап тұру;

Екіншіден, экономиканың базалық салаларында өсімді қамтамасыз ету бойынша түбегейлі шаралар қабылдау;

Үшіншіден, инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын толық игеру;

Төртіншіден, 4 тоқсанда тұтыну тауарларының бағасын қатаң бақылауды қамтамасыз ету.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз