Рұқсат етілмеген акцияларға шақырғаны үшін 4 адам ұсталды

0

Қазақстанда төрт адам ҚР Президентін сайлауда дауыс беру кезінде рұқсат етілмеген митингілерге шақырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев мәлімдеді.

«Сот органдары рұқсат етілмеген митингілерді өткізуге және қатысуға шақырған төрт адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, 15 адамға арналған әкімшілік хаттамалар сотқа берілді», — деді Мұратәлиев «Қазақстан» мемлекеттік арнасының эфирінде.

Жергілікті атқарушы органдар мен прокурорлар бұл адамдарға өздерінің заңсыз әрекеттері үшін жазаланатынын бірнеше рет ескертті.

Дауыс берудің соңында елде жағдай тұрақты, бірақ полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Фото: vlast.kz