«Рухани жарымжан адамсың»: Сотта Салтанат Нүкенованың Бишімбаевқа жазған хаттары жарияланды

0

Бишімбаев алқабилерден Салтанан Нүкеновамен жазысқан хаттарына мән беруін сұрады. Ерлі-зайыптының 15-19 шілде аралығындағы әңгімесі жария болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Жарайды, екеуімізге бірге болу жазбапты. Қош бол, кек сақтамаймын, бірақ енді сені жақсы көрмеймін. Жүрегімнің жартысын жұлып, өшіріп тастаймын. Рухани жарымжан адамсың”, – деп жазған Салтанат.

Осы сөздерден кейін Салатанат Бишімбаевтың екі қоңырауына жауап бермеген.

15 шілде күні Салтанат кететіні туралы айтқан, ал Қуандық Бишімбаев әлденені жіберетінін айтады.

“Сен мен үшін көп нәрсе істедің. Заттар мен әшекейлерді жинап жатып олардың сенікі екенін түсіндім. Саған барлығы үшін рахмет. Мен сенің адал болғаныңды білемін. Бұлай болғаны өкінішті. Бір-бірімізді бағалай алмадық”, – деп жазған Салтанат.

Бұл жолы да сотталушы телефон қоңырауына жауап ала алмаған.

“Мені де кешір. Екеуімізде одан да жақсы болады. Өз арамыздағы сыйластық пен достықты жоғалтпайықшы”, – деп жазған Бишімбаев.

“Екеуіміз кездескенде менде ештеңе болған жоқ”, – делінген Салтанаттың хабарламасында.

Келесі хатта Салтанат өз үйінде тыныштық тапқанын жазады.

“Үйде сондай жақсы. Ақыры тыныштық таптым”, – деп жазған Салатанат. Сондай-ақ ол құрбыларымен кездесетінін айтқан.

“Сен Алматыда жүргенде мен осында тұра тұрамын. Түсінуімше, сен қарсы емессің. Осы уақыт ішінде келіскеніміздей барлығын ой елегінен өтікізіп, оңтайлы шешім қабылдаймыз деп ойлаймын. Мен сәл болса да сабырға келіп, жалғыз қалып, бір апта уақытта ұрыспай, қашпай, тұрақтылықты сезінгім келеді”, – деген Салтанаттың сөзіне Бишімбаев “жақсы” деп жауап береді.

Енді бір хатта Салтанат: “Маған уақытың болмай жатыр ма?” деп сұрайды. Оның бұл сөзәне сотталушы: “Мен гольфтамын. Жаңа адамдармен танысып жатырмын. Барлығы қызық болды”, – деп жауап береді. Салатанат күйеуін уақытты қызық өткізуін тілейді.

17 шілдедегі хатта Салтанат Бишімбаевтан өзіне хабарласуын сұрайды.

“Маған хабарласуыңа болады. Сәлем, мен сені сүйемін. Мені кешір, үйге оралшы. Жаным ауырып тұр. Мені түсініп, кешіре алсаң оралшы. Мен де сені кешіремін. Егер бір нәрсені түзей алатын мүмкіндік болса, дұрыстағым келеді. Егер қолыңнан келмесе, сенбесің сен жоқта мен осында тұра беремін. Үйге барғым келмейді. Ата-анамды көргім келмейді. Рухани ес жиып, жұмыс істеп, пәтер жалдаймын. Кетіп қалу, қайтып оралу, кешірім сұраудың ақымақтық екенін білемін. Бірақ мен берілемін. Сен жоқта маған қиын. Мен  сені сүйемін. Қатты сағындым. Сенің барыңды салып тырысып жатқаныңды бағлаймын . Барлығын қайтадан басынан бастағым келеді. Тым болмаса тырысып көрейікші. Кім біледі, мүмкін біздің қолымыздан келер”– деп жазған Салтанат Нүкенова.

Сотталушы Қуандық Бишімбаев Салтанаттың сөзін түсіндірді.

“Мен жай ғана оған көрсеткім келді. Айттым ғой, ол кешірім сұрап, қайта оралып жүрді. Кейін бәрі қайта өзгеретін”, – дейді сотталушы.