«Рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы

0
62

Өз тарихымызды білу, тарихи оқи­ға­­лар мен құбылыстарды тану қазақ­тар­­дың және басқа да этностық топ­тар­­дың этногенезіне әсер етеді, сол ар­­қылы біз өткеніміздің ұлылығын те­рең танимыз. Сол арқылы қазіргі за­ман­­ғы қазақстандықтардың қоғам­дық сана­сы тарихтың жарқын мысалдары­мен же­тіл­діріледі. «Төл тарихын біле­тін, ба­ға­лай­тын және мақтан ететін ха­лық­­тың болашағы зор болады» деген ой­дың Елбасы тарапынан сенім­мен ай­­ты­луы Қазақстан халқын жар­қын бо­л­ашағы­мызға бағыттайды және жігер­лендіреді.

Ұлы даланың қырларын ұсына отырып, Президент Н.Ә.Назарбаев ғалам­дық тарихта біздің рөлімізді ба­йып­ты және объективті түсінуде нақ­ты ғылыми фактілерге сүйенудің қажеттігін айтуы, біздерді – Қазақстан хал­­қын, жас ұрпақты өз тарихымызды тануға жұмылдыру деп түсінуге жетелейді.

Біздің алдымызға қойылған мақсат­тарға жету үшін міндетті түрде тарихымызды білуге тиіспіз.

Мен кәсіби мұғалім ретінде, болашақ ұрпақты білім алу аясын кеңейтуге ұмтылуға шақырар едім. Сонда біз мемлекетіміздің үш ұстыны саналатын экономика, әлеуметтік даму және руханият үшеуін де қатар жетілдірер едік. Тарихты тану осылардың ішінде бірегей бағыт ретінде дами түскен болар еді.

«Рухани жаңғыру» бағдарлама­сының игі нәтижелерін жалғастыра түсуге жол ашылды. Ендігі жерде осы бағытқа белгіленген ғылыми және қаржылық ресурстарды тиімді пайдаланып, қазақ хандығынан бұрын өмір сүрген ежелгі бабаларымыздың өндірісі, мәдениеті мен өнерін барынша әділ, мұқият зерттеуге күш салуымыз қажет. Осы орайда бастауы Қазақстан жерінде болған, өмірімізге өшпес із қалдырған құндылықтарымызды жаңа заманда да дамыта түсуіміз маңызды.

Бұл жерде айтайын дегенім, Қазақ­станның қызғалдақ пен алманың тарихи мекені екенін ескере отырып, оларды ел игілігіне айналдырсақ, ұлт мақтанышы ретінде қарастырсақ деген ниетіміз бар.

Елбасының жұртшылықтың қызу талқылауы мен пікір алмасуына түскен бұл мақаласы бағзы заманнан келе жатқан асыл құндылықтарымызды қадір тұтуға, тәуелсіз ұрпағымыздың болашағына пайдалануға жол сілтейтін құнды дүние және мақалада аталған барша мәселелер халқымыздың бұл күнге дейінгі тарихы және бұдан кейінгі болашағымен тікелей байланысты. Бұл мақала – біздің Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы.

Наталья ЖҰМАДІЛДАЕВА,

Парламент Мәжілісінің депутаты

Дереккөз: http://egemen.kz/