«Рух беріп тұрушы еді»: Әзілкеш Аманғали Сыпабековтің ағасы қайтыс болды

0
0

Отандық танымал әзілкеш Аманғали Сыпабековтың отбасында қайғылы жағдай орын алды. Өнер иесінің ағасы Сембек Сыпабекұлы өмірден өтті. Қаралы хабарды әзілкештің өзі әлеуметтік желі арқылы жеткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аманғали Сыпабеков Instagram парақшасында жантебірентерлік жазба қалдырып, ағасы жайлы естелігімен бөлісті. Әзілкештің айтуынша, марқұм оның қалың көпшілікке танылып, жұлдыз атануына елеулі түрде үлес қосқан.

«Аллахым рахымыңа алшы көкемді. Менің халыққа танылуыма үлкен себепші жан еді. Елдің алдына үстел қойып, «сен өнер адамысың, тік тұрда ән айт» деуші еді марқұм. Өткір еді, тұлға еді, адамға руһ беріп жүруші еді жарықтық. «Қандай қазақ болуында емес, қандай ғажап болуыңда» деуші еді ұраны. Ауырмаңыздаршы жүрек жақындарыңыз аман болсыншы әмин! Алиев Сембек Сыпабекұлы қайтты» , – деп жазды Аманғали Сыпабек.

Белгілі әзілкеш ағасының нақты неден қайтыс болғанын ашып айтқан жоқ.

Желі қолданушылары Сыпабековтың қайғысына ортақтасып, оған көңіл айтып жатты. Қара жамылған отбасыны қиын жағдайда қолдап, барынша жұбатуға тырысқан көпшілік арасында бірқатар өнер жұлдыздары да болды.

Аманғалидің қайғылы жазбасының астына алғашқылардың бірі болып әнші Досымжан Таңатаров пікір қалдырып, көңіл айтқан.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз