Рудныйда ер азамат екі әйелдің денесін бөлшектеп, суға ағызып жібермекші болған — Қазақстан жаңалықтары

0

Қостанай облысының Рудный қаласында қала тұрғынының пәтерінен екі әйелдің мәйіті табылды. Марқұмдардың бірі мүгедек арбасына таңылған, зейнеткер болса, екіншісі оның жиені болып шықты. 39 жастағы күдіктінің олардың денесін бөлшектеп тастағаны анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Жетісайда құрдасын пышақтаған оқушы қамауға алынды

Қостанайдағы туыстары 68 жастағы мүгедек әйелді іздей бастаған, оған соғылған қоңыраудың ешқайсысы жауап болмапты. 21 ақпан күні полицияға хабар берген. Кейін полицейлер оның отыз төрттегі жиенінің де жоғалып кеткенін анықтайды.

Күдіктіні ұстауға бақылау камераларының септігі тиген. Жедел тергеу тобы сол маңдағы барлық бейнебақылау мен «автоураган» жүйесіндегі бейнетаспаларды қарап, қырыққа жуық автокөліктің мәліметтерін тексерген. Әр көліктің жүргізушісі жеке шақырылып, қанды қылмысқа қатысы бар қала тұрғынының мекен жайы осылай анықталған.

«Күдікті өзінің істеген ісін толығымен мойындап, алдын ала өзінің бұл іске қатысты тиянақты жоспарлағанын айтып өз ісін мойындап отыр. Және де екі адамның дене мәйітін лақтырып жіберіп яғни дәлелден қашып кету үшін Тобыл өзенінен ойық ойып мұздан алдына ала ойық дайындап қойған», — деді облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары Қанағат Шәуенов.

Тергеу деректеріне сенсек, күдікті зейнеткердің жиенімен жақын таныс болған. Оның неліктен екі кісіні қатігездікпен өлтіргені әзірге беймәлім. Тергеу амалдарына байланысты полицейлер артық ақпарат жариялаудан бас тартты.

«Араларында реніш болған. Махаббат. Көреалмаушылық. Енді нақты тиянақты  тергеу амалдарының жүруіне байланысты ҚР 201 бабына сәйкес біз ары қарай  тергеудің мүддесі үшін ешқандай ақпарат жариялай алмаймыз», — деп қосты Қанағат Шәуенов   .

Күдікті қылмыстық процессуалдық кодекстің 128 бабы бойынша қамауға алынды. Оның қылмыстық іс әрекетіне қатысты, басқа да куәгерлерден жауап алынады,-дейді полицейлер.

Күдікті бұрын сотталған. Ол кісі өлтіргені үшін 18 жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын толық өтеген. Бостандыққа шыққанына бар-жоғы екі жыл болыпты. Егер екі әйелді өлтіргені расталса, өмір бойына абақтыға қамалуы бек мүмкін.
 

stan.kz