Рудныйда алапат өрт ондаған саяжайды тып-типыл етті – видео

0

Қызыл жалын төрт гектар аумаққа шарпып, салдарынан жетпіске тарта жер теліміне зақым келді

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Рудныйда жазғы саяжайлардың бірінен өрт шығып, 67 бау-бақша учаскесінің күлі көкке ұшты. Төрт гектар аумақтағы өртті сөндіруге бірнеше сағат уақыт қажет болды.

Өрт шығып, түскен кейін құрғақ шөп, учаскелер мен саяжай үйлеріне жылдам тарала бастады, деп хабарлады alau.kz.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетемін дегенше аз уақыттың ішінде жалын бірнеше гектар жерге шарпыды.

«Өрт салдарынан 67 саяжай учаскесі зақымданды. 80 шаршы метрді құрайтын 8 тұрғын саяжай үйі өртеніп кетті», — деп хабарлады Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 22.00-ге қарай толық сөндірді.

Төтенше жағдайлар департаменті өрттің себебін әзірге жариялаған жоқ. Ол бірқатар сараптама өткізгеннен кейін анықталады.  



sputniknews.kz