Роза Рымбаева тұсауын кесті: Қайрат Әділгерей қызына арнап той жасады (видео)

0

Танымал актер әрі тележүргізуші Қайрат Әділгерей жақындарының басын қосып, дүркіретіп той жасады. Өнер иесінің ақ дастархан жаюына екі бірдей қуаныш себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz.

Қайраттың өзі 35 жасқа толса, қызы Айнамкөз 1 жасқа қадам басқан. Актер алғашқы туған күнінде салт-дәстүрге сай кенжесінің тұсауын кестірді.

Мұндай жауапты істі Халық артисі Роза Рымбаеваға сеніп тапсырды.

Әділгерейдің тойына Баян Алагөзова күйеуімен бірге келді. Сондай-ақ, Асхат Тарғын, Жанар Айжанова, Ғазизхан, «Әзіл әлемі» және «Өнер қырандары» театрларының актерлері Қайрат пен Бақыттың қуанышына ортақтасты.

Роза Рымбаева тұсауын кесті: Қайрат Әділгерей қызына арнап той жасады (видео)Айта кетейік, Қайрат Әділгерейдің жұбайы Бақыт Тұрман — әнші. Екеуінің екі қыз, бір ұлы бар.

 

stan.kz