Роза Рымбаева өміріндегі ауыр күндер туралы айтып, жылап қалды

0
0

Халық әртісі Роза Рымбаева өзін бақытты әйелдердің қатарына қоспайтынын жасырмаqды. Есесіне босанарда бір өлімнен қалғаны болмаса, әрдайым бақытты аналардың санатында екенін айтты.

«Бақытты әйелмін деп айта алмаймын. Әйел ретінде бақытсызбын. Ал ана ретінде бақыттымын. Бірақ ана болған соң, өмір мүлдем өзгереді деп айтады. Өмірің балаларға арналады.

Сол себепті менің бақытым – балаларым, одан кейін қызметім, өнерім. Менің күрсініп, жылайтын уақтым жоқ. Ол эгоизм болып кетеді. Қазір ұрпағың үшін өмір сүруің керек», – дейді Роза Қуанышқызы.

Әрі қарай ол бүгінде ата-анасына, марқұм жолдасына, айналасындағы туған-туыстарына алғыс айтатынын жеткізді. Сондай-ақ, қайғы мен қуанышта қатар жүрген достарының атын атауды да ұмытпады.

«Әлиді дүниеге әкелген кезде бір өлімнен қалдым. Дәрігеріміз «Сізге демалу керек. Себебі мынандай қатерлі дүниеден аман қалдыңыз» деді. Содан екінші балам дүниеге келгеннен кейін де үлкен операциядан өттім. Сонымен Құдай берген екі баланың анасы болдым», – деді халық әртісі.

Oinet.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз