Роза Рымбаева: Күейуім — продюсерім ғана емес, өмірдегі ұстазым болды, сағынышымды ұлдарыма қарап басамын
«Тасқын – менің өнердегі ұстазым, продюсерім ғана емес, өмірдегі серігім, арқа сүйер азаматым болды. Бүгінде жиырма үш жыл отасқан жолдасым Тасқынға деген сағынышымды есейіп келе жатқан ұлдарыма қарап басамын» деді Роза Рымбаева.
Бұл туралы KzNews.kz ақпараттық агенттігі Egemen.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Фонограммамен ән айту туралы заңға әнші:
– Бұл дер кезінде қолға алынған, еліміздің өнер саласына деген жанашырлықтан туған маңызды қадам. Соңғы жылдарда қоғамда көрерменнің, тыңдарманның талғамына кері ықпал ететін, кәсіби деңгейі төмен, фонограммамен танылған «жұлдыздар» көбейіп кеткені жасырын емес. Осының өзі әншілердің кәсіби әдебіне, мәдениетіне жат нәрсе. Тіптен тыңдарманды алдау десем қателеспеймін. Нағыз өнер адамы тыңдарманын табиғи талантымен, ерекше дауысымен баурап алуы керек. Кезінде қалың көпшілікке ұсынылатын ән көркемдік кеңестің талқысынан өтетін. Осы орайда көркемдік кеңестің жұмысын қайта жандандыратын уақыт келген сияқты.