Роза Әлқожаға таласқан еркектер — «Астана» телеарнасы

0

Әнші Роза Әлқожа оққағар ұстау артық болмас еді дейді. Өйткені оған көмек қажет болатын кездер болады екен. Бұл туралы әнші «Ел аузында» бағдарламасында айтты. Тіпті бір жолы Розамен суретке түсу үшін екі ер адам төбелесіп қалған.   


Роза ӘЛҚОЖА, ӘНШІ:       

Бір тойдан шығып келе жатқан кезде, бір ер кісі маған қарай жақындап келе жатты да, тағы бір ер кісі суретке түсем деді ма, екеуі таласып қалды, жалпы. Сөйтіп екеуі бір-бірімен төбелесіп кетті аяқ астынан. Мысалы, аяғы тиіп кете жаздады. Мен өзім шошып кеттім, не болды, бір суретке бола деп… Бірақ ол кісілер мас болды. Сондай жағдайда әйел адамға қасында бір ер азамат жүргені дұрыс.