Роза Әлқожа «Қырғыз елінің сахна жұлдызы» төсбелгісімен марапатталды (фото)

0

Әнші Роза Әлқожа «Қырғыз елінің сахна жұлдызы» төсбелгісімен марапатталды. Төсбелгіні оның әндерін орындап жүрген қырғыз әншісі Динара Тілекеева арнайы Қазақстанға келіп табыстады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл жаңалықты танымал телепродюсер Әлия Құдайбергенова хабарлады. Ол Роза Әлқожаға ерекше марапат табысталған сәтті Instagram парақшасында бөлісті. «Қазақ-қырғыз бір туған». Ежелден-ақ бауырдай болған қырғыз елінің Розаға жасаған құрметі. Бүгін Роза қыздарыңыз «Қырғыз елінің сахна жұлдызы» деген төсбелгісімен марапатталды. Қырғыз әншілері Розаның біраз әнін орындап жүр. Тіпті қырғыздың Динара Тілекеева деген әншісін көрермені «Динара Әлқожа» деп атайды екен. Атақ, марапатты сұрап алатын, тілеп алатын адам емессің ғой, бұл марапаттың қымбаттығы да қадірлі болуы да заңдылық. Дегенмен бұл да көңіл! Өнерің өлмесін, өзіңе Құдай қуат берсін! Қадырғали Көбентай ағаның: «Розаның кез-келген шығармашылық кеші жай емес, мән-мағыналы кеш. Оған ақындығын қос» дегеніндей, сенің әр әніңде өмір бар. Оны кейін түсінерміз, бәлкім?! Бір нәрсе анық. Сен жетілдің! Жеттің! Шүкір. Балаларың бірінен бірі өткен талантты, әдемі. Алла сол бақытыңды арттырсын. Біз екеуміздің туыс екенімізді көп адам біле бермейді. Розаның апасы (әжесі) менің атамның қарындасы. Роза апама тартқан», — деп жазды ол.