«Россия» телеарнасында Димаш Құдайбергеннің әні ең көп қаралған видео атанды — Әуен
«Россия 1» телеарнасы жылды қорытындылап, ең көп қаралған видеоларды таңдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Россия 1» телеарнасының YouTube желісіндегі каналында Димаш Құдайбергеннің Сочи қаласында «Новая волна — 2018» ән байқауында «Грешная страсть» әнін орындауы ең көп қаралған видео болып танылды.
Видео 11 қыркүйекте жарияланып, 2,2 миллион қаралым жинаған.
Жас әнші «Новая волна» байқауына арнайы қонақ ретінде шақырылған. Сахнада Димаш Құдайберген (кезінде Батырхан Шүкенов орындаған) «А-Студио» тобының «Грешная страсть» орындады.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz